Ауылшаруашылығы санағын жүргізудің тәртібі әзірленді

Ауылшаруашылығы санағын жүргізудің тәртібі әзірленді
Ұлттық статистика бюросы ауылшаруашылық санағын жүргізудің пилоттық ережелерін әзірледі.

Пилоттық санақты Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері қызметкерлері ауылдық жерлердің екі елдімекенде және қалалық сипаттағы тағы бір елдімекенде интервьюерлерсіз жүргізеді.

Санақ парақтарын аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері немесе респонденттердің (субъектілер) құжаттамалық растауынсыз ауызша немесе жазбаша мәліметтері негізінде толтырады.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мынадай санаттары пилоттық санақ субъектілері болып табылады:

  • экономикалық қызметтің негізгі және қайталама түрлерімен ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары) шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, дара кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі — ДК (ШФҚ);
  • жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері (саяжай, бау-бақша, бақша) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары (бұдан әрі – ЖҚШ (СБШ).

Пилоттық санақ объектілері: жер және егіс алаңдары; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ұстауға арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар мен құрылысжайлар болып табылады.

Пилоттық санақ үш кезеңді қамтиды: дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдер.

Дайындық кезеңінде қолда бар деректерді нақтылау үшін аумақты бөлімшелер қалалық жердің әрбір елді мекенінің аумағын тіркеу учаскелеріне бөледі.

Қалалық жерде жұмыскерлер нақтылау жүргізеді және электрондық және қағаз жеткізгіштерде(қажет болған жағдайда) белгілі нысан бойынша «Алдын ала аралау тізімі (жеке қосалқы, саяжай және бау-бақша шаруашылықтары) кезеңділігі»: біржолғы санақ парағын толтырады.

Жұмыскерлер ЖҚШ (СБШ) барады, келу мақсатын түсіндіреді, алдағы пилоттық санақты өткізу күні туралы хабарлайды және мекенжайын; учаскенің жалпы алаңын; ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелердің болуы мен егілуін; ауыл шаруашылығы жануарларының болуын нақтылайды.

Аумақтық бөлімшелер нақтыланған алдын ала аралау тізімдері (қалалық жер), электронды шаруашылық бойынша есепке алу (ауылдық жер) деректері және картографиялық материалдар (бар болса) негізінде аумақты жұмыскерлердің ЖҚШ (СБШ) сауал салу жүргізуі үшін қажет учаскелерге бөледі.

Пилоттық санақ жүргізуге жататын қалалық және ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ДК (ШФҚ) тізімдері Ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімінен қалыптастырылады.

Пилоттық санақтың негізгі кезеңі sanaq. gov.kz мамандандырылған сайтында онлайн режимде интернет желісі арқылы 10 күнтізбелік күн ішінде және планшеттерді немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда) пайдаланумен  төмендегі саақ парақтарын толтыра отырып, жұмыскерлердің респонденттерге сауал салуы арқылы жүргізіледі:

  • «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары» (индексі 2-АШК/ШФҚ, кезеңділігі біржолғы);
  • «Жеке қосалқы, саяжай және бау-бақша шаруашылықтары» (индексі 3-ЖҚШ/СБШ, кезеңділігі біржолғы).

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ДК (ШФҚ) санақ парақтарын sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында интернет желісі арқылы онлайн режимде электронды түрде дербес толтырады.

Пилоттық санақтан онлайн режимде өткен кезде респондент өзінің ұялы телефонының нөміріне және (немесе) тіркеу кезінде көрсетілген респонденттің электрондық мекенжайына пилоттық санақтан өткені туралы хабарлама алады.

Онлайн режиммен қатар жұмыскерлерлер планшеттерді немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда) пайдалана отырып, ЖҚШ (СБШ) сауал салу жүргізеді.

Соңғы кезеңде пилоттық  санақтың алдын ала және негізгі кезеңдерінің қорытындылары бойынша:

  • ауыл шаруашылығы санағына дайындалу мен оны жүргізудің барлық кезеңдерінде анықталған ықтимал кемшіліктерге немесе қиындықтарға;
  • респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді жинауды (интернет желісі арқылы электрондық санақ парақтарын толтыру және планшеттерді пайдалана отырып респонденттерге сауал салу арқылы) ұйымдастыру әдістерін сынақтан өткізуге;
  • sanaq.gov.kz сайтында желісінде авторизациялау тәсілдерін сынақтан өткізуге;
  • санақ персоналын оқыту тәсілдерін пысықтауға;
  • бағдарламалық жасақтаманың дұрыстығын, белгіленген арифметикалық-логикалық және форматтық-логикалық бақылауларды тексеруге;
  • санақ парақтарында кейбір сұрақтарды қоюдың орындылығына;
  • респонденттен алынған дербес деректер мен мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
  • ауыл шаруашылығы санағына дайындалу және оны жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін және әкімшілік деректерді пайдалану мүмкіндіктеріне;
  • ауыл шаруашылығы санағы кезінде деректерді ұсыну үшін респонденттердің интернет желісін пайдалану дайындығына;
  • тартылатын санақ персоналына жүктеменің оңтайлы нормаларын айқындауға және қажет болған жағдайда оларды түзетуге;
  • интернет-сауал салу жүргізу кезінде жүктеме деңгейлерін және ауыл шаруашылығы санағы деректерін автоматтандырылған өңдеу технологиясын тестілеуге талдау жүргізіледі.

Пилоттық санақты талдау негізінде Бюро «АЕО» РМК және аумақтық бөлімшелермен бірлесіп: санақ персоналына жүктемені; санақ парақтарын; бағдарламалық жасақтаманы, деректерді жинау және өңдеу технологиясын, ауыл шаруашылығы санағын жүргізу кезінде әкімшілік деректерді пайдалануды пысықтау қажеттігі туралы еркін нысанда қорытынды дайындайды.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, Қазақстанда халық санағы мен ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 5 151 863 мың теңге бөлінді, оның ішінде: 2024 жылға – 1 287 960 мың теңге.

Құжат 27 наурызға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылды.

Алдында Қазақстанда 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында ауыл шаруашылығы санағы өтетінін хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz.