ТІЛДІК ТҰЛҒА МОДЕЛІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

Қазіргі таңда қоғамның рухани дамуына, ұлттық болмысты сақтап қалуға, жастардың сана-сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы үдерісте тілдің, соның ішінде тілдік тұлғаның маңызы айрықша.

Тілдік тұлға – бұл тек тілде сөйлейтін адам емес, ол – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, дүниетанымын тіл арқылы жеткізе алатын, сол арқылы қоғамға әсер ете алатын сана иесі. Яғни, тілдік тұлға – тілдік біліммен қоса, ұлттық құндылықтар мен рухани байлықты бойына сіңірген азамат.

Тілдік тұлға моделі дегеніміз не?

Ғалымдар тілдік тұлға моделін үш деңгейге бөліпқарастырады:


  • 1. Вербалды деңгей – адамның сөздік қоры, сөйлеуқабілеті.

  • 2. Когнитивті деңгей – тіл арқылы берілетін білім, ұғым, ойлау жүйесі.

  • 3. Мотивациялық деңгей – тілдік әрекеткеитермелейтін себеп, мақсат, ұлттық-мәдениқұндылықтарға қатысы.

Бұл модель арқылы адамның тілді қаншалықтымеңгергенін ғана емес, оның ұлттық болмыспенбайланысын, дүниетанымын, әлеуметтік көзқарасын да анықтауға болады.

Неге маңызды?

Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлт тілінің сақталуы – сол ұлттың өмір сүруінің кепілі. Осы орайда, тілдіктұлға моделін қалыптастыру – тілімізді тек қатынасқұралы ретінде емес, ұлттық коды, рухани тамырыретінде түсіндірудің кілті. Қазақ тіліне жаны ашитын, оны құрметтейтін, сауатты сөйлей алатын ұрпақ – ел болашағы.

Тілдік тұлға – қоғам айнасы. Ол неғұрлым жан-жақты, білімді, ұлттық рухпен сусындаған болса, соғұрлым ел болашағы жарқын болмақ. Сол себептімектептен бастап, балабақшаға дейінгі әрбір білімордасында тілдік тұлға моделін қалыптастыру – мемлекеттік маңызы бар іс.

Тіл – ұлттың жүрегі. Оны бойына дарытқан тұлға – халықтың шын мұрагері.

Әйгерім Болатбекқызы Молдабаева

Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы

Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі