“Қазақ тілінің арқасында хит болдым”. Орыс жігіті TikTok жұлдызына айналды

 

 

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Андрей Комаровтың видеосы TikTok желісінде миллиондаған қаралым жинаған. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды.

Әлеуметтік желіде бір-ақ сәтте жұлдыз болған Андрей Комаров қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның “Орысша айта алмаймын” деген видеосын бүгін де үш миллионнан астам адам қараған. Шымкенттік жігіттің айтуынша, Қазақстанда тұрған әр адам қазақ тілін білуі тиіс.

“Түрім орыс болғанымен, басқа жерімінің бәрі қазақ. Хит болған видео Астана күнінде түсірілген. Журналистерді, камераны баяғыдан жақсы көремін. Содан ол кісілерге барып сұхбатқа сұрандым. Олар маған “орысша айт, орысша айт” деді. Ал мен “маған қазақша сұрақ қойыңыздар, орысша айта алмаймын” дедім. Бірінші орында мені үшін қазақ тілі”, – дейді Андрей.

Андрей Комаров балалар үйінің тәрбиеленген. Бір қызығы, ол ұлты орыс болғанымен, орысша шорқақ сөйлейді. Андрей қазақ тілін білмейтіндерге жиі ын айтып жүремін дейді. Оның басты ұраны – Қазақстанда тұрған әр адам қазақ тілінде сөйлеуі керек.

Айта кетейік, осы бағдарламада белгілі меценат Дулат Тастекей кейіпкерлерге ерекше сый жасаған болатын. Тіл жанашыры оларға “Қазақша сөйле” деген жазуы бар футболкалар тарту етті.