Әдебиет аталымы бойынша Қанат Әбілқайыр “ASSYLTAS” стипендиясының иегері атанды

20 желтоқсан күні “Assyltas” қорының қорытынды кешінде әдебиет, спорт, журналистика, ғылым салаларының үздіктері анықталып, ақшалай сыйақы табысталды.

Әдебиет аталымы бойынша “Аssyltas” стипендиясының иегері 2024 жылы жарық көрген “Ағыраптағы аты жоқ адам” кітабының авторы Қанат Әбілқайыр атанды.

Алғашқы үштікке ақын Мирас Асан, жазушы Қанат Әбілқайыр және жас жазушы Әлихан Жақсылық ілікті. Нәтижесінде Қанат Әбілқайыр 46 дауыспен басымдық көрсетті.

Қанат мырзаны жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!