Білім ордасындағы тәрбиелік шаралардың шетелдік студенттер үшін маңызы зор

Кемелді болашақ кепілі білім болып табылады. Елімізде білім беру саласы алға жылдам ұмтылып, қарқынды дамып келеді. Білім беруде, ғылымға баулуда және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше. Әсіресе, шетелдік студент жастарға жоғары оқу орны туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын факультеттегі топтары олар үшін үлкен және тату – тәтті отбасы болып табылады.
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ аясында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында шетелдік студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Әр жыл сайын факультеттің студенттері университеттің үлкен іс-шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты таму мақсаттары», «Бір тұтас тәрбие», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар – жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында университеттің факультеттерінде бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар ашық тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп отырады. Бұл жобаларды жүзеге асырудағы факультеттің мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік студенттерге кеңінен таныстыру.
Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу секілді жобалар аясында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Өлкентану» мәдени-танымдық үйрімесі белсенді жұмыс істейді.
Өткізілген ғылыми-танымдық шаралар шетелдік студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосып отырады.
Факультетте өткізілетін іс – шара, мереке, кештерде студенттер өздерінің алған білімдерімен, өнерлерімен таныстырады. Іс-шаралар барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалады, дәстүрлі көріністер көрсетіледі.
Студенттер танымдық – мәдени іс – шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс – шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова, Г.Жұмаділ