Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықты таңдаған үздік, көзі жанып тұрған жастар QyzPU-ға түсіп жатыр

29 қараша күні Қазақ ұлттық қыздарпедагогикалық университетінде ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовпен кездесу өтті.

Кездесуге Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

Шараның басты мақсаты – жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, педагогика және білім беру саласындағы реформаларды жетілдіру жолдарын қарастыру, сондай-ақ заңнамалық деңгейде білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды тыңдау.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күнге үлкен дәрежеде, абыроймен жеткеніне куә болып отырмын. Білім алуға барлық мүмкіндік жасалған. Университеттің білім беру мазмұныда, материалдық-техникалық базасы да жаңарған. Педагогикалық мамандықтытаңдаған үздік, мықты, көзі жанып тұрғанжастар осы университетке түсіп жатыр. Бұлеліміздің әрі қарай дамуын білдіреді, сенімұялатады»,деді ҚР Парламенті Мәжілісініңдепутаты Асхат Аймағамбетов.

Жиында педагогикалық этика, акамедиялық адалдық, сонымен қатар жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған мәселелерді қозғады. Қатысушылар Мәжіліс депутатына көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

«Бүгінгі кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовке өзімді толғандырған сұрақты қойдым. Мені алаңдатқан сұрақ аймақтардағы білім беру сапасын жақсарту мәселесі болды. Асхат Қанатұлы ауыл балаларының білім сапасын қолдау мақсатында бірқатар жоба бар екенін айтты. Сұрағыма нақты жауап алғаныма қуаныштымын», – деді Филология институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Аженова Ұлдамет Бахытқызы.

Кездесу аясында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Сералы Қаниев атындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің ғылыми кітапханасы мен басқа да жаңа маңызды нысандарды аралап, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар университеттің алдағы уақытта да сапалы білім беру ісіндегі рөлінің арта түсетініне сенім білдірді.