Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Ислами көзқарас аясындағы заманауи психология»

2024 жылдың 28 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Ислами көзқарас аясындағы заманауи психология» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты – қазіргі психология саласындағы исламдық көзқарасты таныстыру мен талқылауға, оның өзекті мәселелерін, негізгі бағыттарын, тенденциялары мен теорияларын, сонымен қатар практикалық қолдану жағдайларын саралауға арналған.

Ғаламдану және технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында мәдени және діни ерекшеліктерді ескеретін психологияны түсінуге деген қажеттілік артып келеді. Исламдық психология өзінің ерекше қағидаларымен және рухани дамуға баса назар аударуымен қазіргі заманның сын-қатерлеріне маңызды жауаптар ұсына алатын бағыт болып табылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Ислам психологиясы: негізгі аспектілері.
  2. Ислам психологиясының негізгі сипаттамалары және оның ерекше белгілері.
  3. Исламдық көзқарастағы психологияның қазіргі мәселелері.
  4. Дін психологиясы.
  5. Ислам психологиясы және интернет кеңістігі.
  6. Мәдени және әлеуметтік ислам психологиясы.
  7. Қазақстандағы ислам психологиясы.

Іс-шара форматы: Конференция офлайн және онлайн форматтарда өтеді, бұл аудитория көлемін ұлғайтып, халықаралық қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді.

Конференцияның тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы, 408-зал, әл-Фараби даңғылы, 71/27, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан.

Байланыс ақпараты:

Телефон: +7 (727) 377 33 30 (ішкі нөмір: 17-47)

Конференция аясында қозғалатын тақырыптарға қызығушылық танытқан барлық мамандарды исламдық контекстегі психология мәселелерін талқылауға және осы маңызды білім саласында жаңа тәсілдерді дамытуға үлес қосуға шақырамыз.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, Халықаралық ислам ойы институты және Білім интеграциясы институты.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті

Қонақтарды тіркеу

Модератор: Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканы

                            Құттықтау сөз

Дуйсенов Еркин Эрманович, Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мохд Рослан Бин Мохд Нор – PhD, Исламтану академиясы Ислам тарихы және өркениеті кафедрасының доценті, Малай университеті (Куала-Лумпур, Малайзия).

Конференция қонақтары:

Павлова Ольга Сергеевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, этнопсихология және көпмәдениетті білім берудегі психологиялық мәселелер кафедрасының меңгерушісі, ФГБОУ ВО «Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің» оқытушысы, тәжірибелі психолог, түрлі білім беру байқауларының лауреаты. Тақырыбы: «Ислам психологиясы және/немесе исламдық психология: мазмұн мен әдістерді шектеу мәселесі»

Яхин Филюс Флюрович, заң ғылымдарының кандидаты, Ресейдегі Мұсылмандарға психологиялық көмек көрсету қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары (міндетін атқарушы) және қауымдастықтың Башқұртстандағы өңірлік өкілдігінің жетекшісі. Тақырыбы: «Ислам психологиясы: пәні мен әдісін іздеу»

 Курманалиева Айнура Дурбелиновна, философия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар орталығының директоры

Карыбаева Айнур Несибековна, постдокторант, оқытушы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы. Тақырыбы: «Дінтанулық білім беру жүйесіндегі дін психологиясы»

Тышхан Кеңшілік, философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті. Тақырыбы: «Исламдағы күнә психологиясы» (онлайн).

Озиев Гапур, қауымдастырылған профессор, Білім интеграциясы институтының директоры. Білім интеграциясы институтының тұсаукесері

Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, философия ғылымдарының докторы, Халықаралық қазақ түрік университеті, дінтану кафедрасының профессоры. Тақырыбы: «Иасауиде нәпсі типтері және психотехникалар (онлайн)»

Бұл конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Жалпы психология және қолданбалы психология кафедрасы, Халықаралық ислам ойлары институты  (International Institute of Islamic Thought, IIIT) Білім интеграциясы институтымен (the Institute of Knowledge Integration, IKI) бірлесіп өткізіліп отыр. Осы жиын барысында заманауи дін психологиясының өзекті мәселелері және ислами көзқарас аясындағы психология ғылымының даму үрдістері талқыланады.