«Қазақша сөйле» жейдесін киіп қоғамға ой сал!
Тіл мәселесі көптен бері көтеріліп келе жатқан, алайда толық шешімін таппаған көкейтесті мәселе болып тұр. Қала көшелерінде орысша шүйіркелесіп жүрген азаматтарды көргенде қарның ашады. Мемлекетке жалтақтай бермей, әрқайсымыз қоғамға ой салатын кез жетті дейді белгілі журналист Шоқан Алқабаев.
Шоқанның айтуынша, қоғамға ой салатын «Қазақша сөйле» футболкалары қазір жаппай сатылып жатыр екен.
«Қазақша сөйле» бренді ана тіліне деген сүйіспеншілікпен туды. Біз футболкалар мен свитшоттарымыздың жаңа топтамасын шығардық. Енді сіз бүкіл Қазақстан бойынша «Қазақша сөйле» өнімдерін сатып ала аласыз”-деді TAS Group компаниялар тобының баспасөз-хатшысы Шоқан Алхабаев.
TAS Group компаниялар тобының барша қызметкерлері қазақ тілінде сөйлейді. 2022 жылдың қазанынан аталған компанияның ұжымы үшін «Қазақша сөйле» жазбасымен жасалған футболкалар мен свитшоттар жұма күнгі киім үлгісінің бір бөлігіне айналған.
«Қазақша сөйле» футболкасы мен свитшотты бүкіл Қазақстан бойынша Tascredit бөлімшелерінен сатып ала аласыз. Толық ақпарат алу үшін 7788 нөміріне хабарласыңыз.