«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтпек

Photo: egemen.kz

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесіп, 2024 жылғы 18 қыркүйекте «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өткізеді.
Бұл халықаралық ғылыми семинар «Алтын Ордадан кейінгі қоғамның дәстүрі мен мәдениетіндегі сабақтастық пен өзгерістер (Батыс Қазақстан, Еділ-Орал, Дағыстан, Хорезм аймақтарындағы эпиграфикалық ескерткіштерді салыстырмалы зерттеу)» жобасын жүзеге асырудың негізгі бір іс-шарасы болып табылады.

Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланады:
1. Алтын Орда өркениеті орналасқан тарихи аймақтардың эпиграфикасы: жаңа олжалар және олардың интерпретациясы;
2. Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштерін көршілес мемлекеттердегі арабжазулы жәдігерлермен салғастырмалы-салыстырмалы зерттеу;
3. Алтын Орда өркениеті тарихи аймақтарының дамуы және мәдени дәстүрлердің тұрақты түрлерінің қалыптасуы.

Семинардың жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Семинар жұмысы барысында жарық көрген кітаптардың таныстырылымы болады:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша шығарылған Мүминов Ә.Қ., Дүйсенов Б.Д. «Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштері. Кітап-альбом / Мүминов Ә.Қ., Дүйсенов Б.Д.; Аллен Франк (ағылшын тілі редакторы, АҚШ) және Ұ.А. Өтепбергенованың (көрсеткіштерді құрастырушы, Қазақстан) қатысуымен. – Алматы: Алтын парақ, 2023. – 496 б. + «Абат-Байтақ» қорымы фильмінің дискісі.
2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Рисала-йи жанайиз (Жаназа кітабы)» / Баспаға дайындағандар: Х.И. Назиров, Ғ.Б. Ысқақов. Жауапты редакторы: Ә.Қ. Мүминов. Кітапты үйлестіруші: Б.Д. Дүйсенов. – Алматы: Алтын парақ, 2024. – 260 бет.

Халықаралық ғылыми семинарға қатысу үшін баяндамалар мен өтініш-хаттарды 2024 жылдың 31 тамызына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайларына жіберулеріңізді сұраймыз:
kz.orientalstudies.2024@gmail.com,
shighistanu@mail.ru

Семинарға қатысу үшін жіберілетін өтінім нысаны:
1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты.
2. Қатысушының жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы.
3. Байланыс телефондары, e-mail адресі.
4. Баяндаманың атауы.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы мен байланыстары: 050010, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 29, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты.
Анықтама телефондары:
+ 7 707 157-95-71 – Медерова Дина Есиркеповна,
+ 7 701 697-96-90 – Курманбаева Куралай Смагуловна.

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар:
1. Мақаланың атауы мен оның мәтіні арасында: автордың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі екі тілде: мақала жазылған тілде және ағылшын тілінде қойылады.
2. Мақаланың атауы және оның түйіні (шамамен 200 сөз) басында ағылшын тілінде беріледі.
3. Әдебиеттер мен дереккөздер нөмірленеді және олардың тізімі мақаланың соңында беріледі. Мақаланың мәтінінде сілтемелер тік жақшада көрсетіледі [1: 245].

Халықаралық семинарға қатысу туралы баяндамалар мен үндеу хаттар 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жіберілуі керек kz.orientalstudies.2024@gmail.com ; shighistanu@mail.ru

Семинарға қатысу шығындарын жіберуші тарап көтереді. Баяндамалары талқыланған арнайы шақырылған қатысушылардың қаржылық шығындарын ұйымдастыру комитеті көтереді.

Ұйымдастыру комитеті