Жамбыл ауданында педагогтарға арналған тәжірибелік семинар өтті

2026 жылғы 16–17 сәуір күндері Жамбыл ауданында білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Екі күндік іс-шара педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру ортасындағы алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталды.
Семинар Алматы облысы Дін істері басқармасы қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ және «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шараның негізгі мазмұны педагогтардың жасөспірімдермен жұмыс істеудегі заманауи тәсілдерін жетілдіруге және түрлі әлеуметтік-психологиялық тәуекелдердің алдын алу бағытындағы білімдерін нығайтуға арналды.
Семинар барысында қатысушылар дін саласындағы қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілер туралы жан-жақты ақпарат алып, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі өзекті бағыттарды талқылады. Сонымен қатар, жастармен тиімді жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері қарастырылып, алдын алу тетіктері бойынша нақты ұсыныстар берілді. Практикалық кейстер арқылы қатысушылар түрлі жағдайларды талдап, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Қатысушылардың пікірінше, семинар мазмұны қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына толық сай келіп, педагогтардың күнделікті жұмысында кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған:
«Бұл семинар бізге теориялық біліммен қатар, нақты тәжірибелік құралдар берді. Әсіресе, оқушылармен жұмыс барысында туындайтын күрделі жағдайларда дұрыс бағыт табуға көмектесетін тәсілдерді үйрендік», – деп атап өтті қатысушылардың бірі.
Аталған семинар педагогтардың кәсіби әлеуетін нығайтып қана қоймай, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, тұрақты және саналы орта қалыптастыруға бағытталған тиімді алаңға айналды.



