Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны артады — министрлік
30 мамырдан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды jarshy.com саяси- ақпараттық кызметы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме беріп.
Министрлік мәлімдегендей, Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады.
«Осылайша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.