Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

 

2026 жылғы 19 маусымда Қонаев, Алатау қалалары мен Іле аудандарының имамдарына арналған «Имамдардың біліктілігін арттыру: тәжірибе және тәсілдер» атты оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, жамағатпен жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерту, сондай-ақ діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу бағытындағы жұмысты жетілдіру.

Іс-шара барысында тәжірибелі дәріскерлер мен дін саласының мамандары өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасап, қатысушылармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар діни саладағы маңызды мәселелер талқыланып, имамдардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар берілді.

Семинар қорытындысында қатысушылар діни ағартушылық және жамағатпен тиімді жұмыс жүргізу бағытындағы білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік тұрғыда қажетті жаңа әдіс-тәсілдермен танысты.