Ресейде күш құрылымдарымен атыс кезінде екі қазақстандық қаза тапты — БАҚ
Ресей ФҚҚ Мәскеудегі синагогаға жасалатын шабуылдың алдын алу операциясы кезінде екі қазақстандық қаза тапқан.
Ресей қауіпсіздік күштері террорлық шабуылдың жолы кесілгенін хабарлады. «Вилаят Хорасан» тобының (Ислам мемлекетінің тармағы) екі мүшесі Мәскеудегі синагогаға қарулы шабуыл жасауды жоспарлаған. ФҚҚ мәліметінше, жоспарланған терактіні арнайы қызметтің жедел қызметкерлері анықтап, қауіпсіздік күштері оны жасағандарды Калуга облысындағы жеке үйлердің бірінде анықтаған. Тұтқындау кезінде күдіктілер қарсылық көрсет кеткен, салдарынан ФҚҚ оларға жауап ретінде оқ жаудырған.
«7 наурызда таңертең Коряково ауылында ФҚҚ мен күдікті исламшылар арасында атыс болды», деп хабарлады ASTRA ақпарат көзі. Нәтижесінде лаңкестік әрекетке дайындалып жүрген екі күдікті — Қазақстандық ер адамдар, 35 жастағы Сәбит А. және 32 жастағы Жәнібек Т. өлтірілді. Күш құрылымдарының мәліметінше, олар Ресейге биыл 28 ақпанда келген.
Жеке үйге жасалған рейдтен кейін қауіпсіздік күштері Макаров тапаншасын, Калашников автоматын және ФҚҚ қызметкерлері жарылғыш құрылғыларды жасауға арналған заттарды тапты.