Қазақстандық шенеуніктердің АҚШ-тағы мүліктері анықталды
Global Financial Integrity талдау орталығы заңсыз иемденген қаражаттарын жылжымайтын мүлік арқылы АҚШ-та заңдастырған бизнесмендердің тізімін жариялады. Олардың арасында Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, бұрынғы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен Қазкоммерцбанктің бұрынғы иесі Асқар Алшынбаев бар, деп хабарлайды j<<arshy агентігінің тілшіс>>і«Адырна сайтына сілтеме жасап»
Талдауда Виктор Храпуновтың Нью-Йорк пен Огайо штаттарында құны 35 миллион доллар тұратын жылжымайтын мүлкі бар екені көрсетілген.
Ал Сауат Мыңбаев пен Асқар Алшынбаевтың жылжымайтын мүлкі 391 миллион долларға бағаланып отыр. Кәсіпкерлерге тиесілі кеңсе ғимараттары мен пәтерлер Нью-Йорк пен Флоридада орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің және басқа да қазақстандықтардың Дубайда қымбат жылжымайтын мүліктері бар екені белгілі болған еді.