«Сиқырлы орындық» кітабының тұсаукесері өтті
«Атамұра» корпорациясы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып, 23 шілде күні сағат 11.00-де Жапония жазушысы Ёсико Кояманың балалар мен бүлдіршіндерге арналған «Сиқырлы орындық» кітабын оқырманына таныстыру іс- шарасын өтті, деп хабарлайдыjarshy.com/rus саяси-ақпараттық порталының тілшісі, «Адырна» ұлттық порталына сілтеме беріп
«Dozo no isu» кітабы – алғаш рет 1981 жылы басылып шыққан әрі бірден балалар әдебиеті басылымдарының арасында бестселлерге айналған, әлемнің 50-ден астам тіліне аударылған басылым. «Атамұра» баспасы бұл кітапты жапон тілінен қазақ тіліне аударып, «Сиқырлы орындық» атауымен басып шығарды. Кітапшаны қазақ тіліне Жапония азаматшасы Фарида Кишимото ханым аударған.
Көркем безендірілген кітап кішкентай оқырмандарға бір-біріне көмектескен мейірімді әрі қамқор жануарлар туралы әңгімелейді. Ертегіде қоян орындық жасап, оған «Сиқырлы орындық» деп жазып қояды. Шаршап келе жатқан есек отырып демалған соң, ризашылығын білдіріп, емен жаңғағы толы себетін орындыққа қойып кетеді, осылайша, басқа жануарлар арасында игі істер эстафетасының жалғасуына себепкер болады.
Кітап өскелең ұрпақты бір-біріне мейірімді әрі қамқор болуға тәрбиелейді, эмоциялық интеллект, қызығушылық, ойлау және өз көзқарасын білдіру біліктілігін арттырады. Кітап идеясы біздің қоғамның «ауызбіршілік» деп аталатын дәстүрлі құндылығымен үндеседі, әрдайым бір-біріне көмектесуге ұмтылу – кез келген адамның азаматтық борышы.
Бұл іс-шара Жапония баспасы өкілдерінің атынан Чика Канно ханым мен ұлы Котароның қатысуымен өтті. Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарына арнап кітаптың қазақ және жапон тілдеріндегі нұсқаларынан үзінділер оқылады, сондай-ақ таныстырылымға қатысып отырған жас оқырмандарымыздың да ертегі туралы пікірлерін тыңдап, ой бөлісті
Таныстырылым Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының оқу залында өтті.
Журналист Арман Әубәкір шара барысын тамашалап, балалар үшін құнды кітаптың тұсаукесеріне қатысты.