Абақтыдағы кездесу
Мамыр айында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтендіру” жобасы аясында №72 уақытша ұстау изоляторында (СИЗО) психоәлеуметтік бағдарлама бойынша кездесу өтті. Бастан-аяқ өз тәжірибесімен бөліскен, білімді маман, психолог Мурадуллаева Гульбанум кездесуді жүргізді.
Кездесу барысында көптеген армандар, болашақтағы жоспарлары жайлы ой-тұжырымдар айтылды. 15 шақты адамды қамтыған кездесу екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Мен айналамдағы адамдарға қандаймын» деп аталды. Бұл жердегі мақсат: 15 шақты қатысушы дөңгелек үстел құрып, ақ параққа өздерінің есімдерін жазып, жанында отырған көршісіне өзі туралы не ойлайтыны жайлы қысқаша бір сөзбен жеткізу арқылы өзінің болмысын ашу. Осылайша әркім өзінің білмеген, естімеген, ойламаған қыр-сырларын түсініп, өмірге деген көзқарасы өзгерді. Екінші бөлім «Менің арманым және мақсатым» деп аталады. Екінші бөлімнің мақсаты: қатысушылар өздерінің арман, мақсатын ақ параққа суретпен бейнелеу арқылы ары қарай өмір сүруге ынтасын арттыру. Психолог Мурадуллаева Гульбанум әр қатысушыға түрлі-түсті қарандаш пен таза парақтар таратып берді. Барлығы қиялындағы армандарды бейнелеп, психологпен ақылдасып, болашағына орасан зор, биік мақсаттар қойды. Парақтағы арман, мақсаттары жазылған суреттерді кездесуге қатысқан қатысушылар өздерімен бірге алып қалуын сұрады.
Кездесу өте жоғары деңгейде өткізілді. Ең бастысы бұл кездесуге қатысқан жандарға үлкен көмек болды. Әрқайссының көңіл-күйлері көтеріліп, өмірді жалғастыруға деген ынтасы артты. Екі бөлімнен тұрған кездесу қатысушыларға шексіз армандауды, биік мақсаттар қоюды үйретті. Әсерлі кездесу қатысушылардың сұрақтарына жауап берілу мен жеке ақыл кеңестер алумен қорытындалды.