“Ардагерлер көктемі” фестивалі

 

Бүгін Астана қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында “Ұрпақтар сабақтастығы” жобасы аясында Астана ардагерлер кеңесі және Астана қаласы әкімдігі “Белсенді ұзақ өміру сүру орталығы” КММ-нің  ұйымдастыруымен “Ардагерлер көктемі” — “Ветеранская весна” атты фестивалі өтті.

Фестивал мерекеге толы мамыр айының атап айтсақ 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі, 7 мамыр отан қорғаушылар, 9 мамыр жеңіс күні және аналар күнімен отбасы күнінің  бірінші жартысының қорытынды кеші болып саналады.

Фестивал қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Іргебаев Мұрат Спанқұлұлының қатысушыларға алғыс айту сөзімен басталып, “Contrasst” би театры,  Есіл аудандық “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ жанынан құралған “Асыл мұра” домбыра ансамблі, “Қазына” салт-дәстүрлерді дәріптеу ұжымы,  Алматы аудандық халықтық “Елорда” ардагерлер хоры, Оқушылар сарайының бүлдіршіндері, Сарарқа аудандық “Ветеран” қалалық орыс хоры, Алматы аудандық “Арқа әуендері”, Есіл аудандық халықтық “Есіл толқындары” ардагерлер ансамблі, Есіл аудандық “Байтерек” ансамбл хоры, Сарарқа аудандық Сарарқа ардагерлер ұйымы  жанынан құрылған  “Сағыныш сазы” ұлттық вокалдық ансамблі, Ұлттық этно-мәдени “Әжелер шаңырақ” ансамблі, өнер көрсетіп көрермендердің  қошеметіне бөленді. Шараны тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары және ардагерлер жүрек тебірентер патриоттық ән шашудан, көз жастарына ерік берді.

Көтерінкі көңіл сыйлаған үшін ардагерлерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Іс-шараның өткен жылдардан айырмашылығы дәстүрлі мерекелерге екі жаңа мереке Аналар күні мен Отбасы күнінің қосылуы. Бүгінгі фестивалдің өзі мен үшін тағы бір мереке деп есептеймін. Ардагерлеріміздің дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Шабыттары шарықтап, өнерлері өрге жүзе берсін — дейді, Республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағанбет.

Отан үшін оққа ұшқан батырларымыздың  рухымен, халықтың көз жасымен келген Ұлы жеңіске тағзым етіп, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау болшақ жастардың борышы.