71 жасқа толған Президентті кімдер құттықтады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттердің басшылары құттықтауда. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталына сілтеме беріп.
Алғашқылардың бірі болып Малайзия премьер-министрі Әнуар Ибрагим құттықтап, торт сыйлаған болатын.
Одан бөлек, құттықтау жеделхаттарын шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері де жолдады.
Атап айтқанда, Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ вице-президенті, премьер-министрдің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Ресей Федералды Жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, АӨСШК хатшылығының бас директоры Қайрат Сарыбай, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Башқұртстан басшысы Радий Хабиров және басқалар құттықтады.
Құттықтаулар әлі де келіп түсіп жатыр.
Айта кетейік, бүгін Президент 71 жасқа толды.