Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 2024 жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды http://Jarshy.com саяси ақпараттық порталыZakon.kz. ке сілтеме жасап

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізілетінін ескертеді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

 

«Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды.

Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады.

Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз».

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі