Ұлт рухын асқақтатқан — «Асыл бесік – Ақсуат!»

Халықтың тілеуімен, ел бірлігі мен ортақ мақсаттың арқасында Абай облысы, Ақсуат жерінде ел жадында ұзақ сақталатын ірі мәдени-спорттық оқиға – «Асыл бесік – Ақсуат» республикалық спорт және өнер фестивалі сәтті өтті!

Бұл айтулы іс-шараның авторы бастамашы болып, жанашырлықпен жан беріп, демеу көрсеткен, қаражатын салған азамат – кәсіпкер, меценат, ел жанашыры Тастекеев Дулат Тұрсынұлының бастамасымен және де Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының қолдауымен, аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы бастаған ұжымға және ел азаматтарының жұмыла атсалысуымен, аудан және ауыл халқының әрқайсысының қонақжайлылығы және қосқан үлестерімен, демеуімен жүзеге асқан фестиваль – елдіктің, берекенің, болашаққа бағытталған сенімді қадамның айқын көрінісі болды. Қасиетті Құрбан айт мерекесімен қатар келген, Шығысымыздың рухани байлығы Ырғызбай Досханаұлының кесенесінде 500 адам қатысқан аста құран оқытылып, құрбандық шалынды.

Фестиваль шымылдығы аудандық театр өнерпаздарының өнерімен ашылып, кейін 30 адамнан құралған «Қазақша терапия» театрландырылған ән-жыр кешінің өнері тамашаланды.

Облыс әкімі Берік Уәлиұлы салтанатты сөз сөйлеп, елге қызмет етудің Абай еліндегі басты мұрат екенін атап өтті. Ол туған жерге жанашыр азаматтардың қолдауын үлгі етіп, барша кәсіпкерлерді туған өлкеге тірек болуға шақырып, ауданға 2 мектеп, мәдениет үйі және 2 спорт кешенінің салынатындығын да айтты. Сондай-ақ, Екпін ауылында 250 -300 орындық “ADAL HALL” қабылдау үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған сайыстар, әсіресе «ASSYL ARLAN» республикалық қазақ күресі турнирі, көрерменнің рухын көтеріп, ел мықтыларының бәсекесіне куә болдық. 74 келіге дейінгі салмақта (Өгіз балуан):
Нұрдәулет Бақтыбайұлына – автокөлік (Шымкент)
Ерзат Арғынов (Абай облысы)
Дидар Тұқышев (Абай облысы)
Бекзат Шакизаев (Қызылорда облысы)

(Түйе балуан):

Әділ Оразбаевқа – автокөлік (Абай облысы)
Нұрдәулет Жарлығапов (Маңғыстау облысы)
Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы)
Саят Шамшиев (Абай облысы)

Турнир жеңімпаздарына автокөлік кілті мен қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, ауданымыздың тумасы, мықты спортшы Мейіржан Берекетке де автокөлік кілті табысталды. Бұл – ел спортшыларына көрсетілген құрметтің айқын үлгісі.

Нағыз сәйгүліктер сайысына айналған «ASSYL TULPAR» бәйгесінде – құнан, топ, аламан бәйгелерде елдің әр өңірінен келген жүйріктер бағы мен бабы сынға түсті.

Құнан жарыс жеңімпаздары:

“Көзайым” – Алматы облысы, Жамбыл ауданы
“Тайсон” – Алматы облысы
“Бұйрық” – Қалбатау, Жарма ауданы
4 орын – “Байтұмар” – Жамбыл облысы
5 орын – “Көгершін” – Қарабұта, Мақаншы

Топ бәйге жеңімпаздары:

“Қалқаман” – Ақсуат ауданы, Көктүбек
“Ұлытау” – Алматы облысы
“Альварес” – Алматы облысы
4 орын – “Көктөбе” – Үржар ауданы
5 орын – “Күреңқыз” – Жетісу облысы
Аламан бәйге жеңімпаздары:
“Бақторы” – Жамбыл облысы
“Тайван” – Жамбыл облысы
“Ұлар” – Үшарал, Алакөл ауданы
4 орын – “Нұрсәт” – Жамбыл ауданы, Алматы облысы
5 орын – “Салпан құлақ” – Абай ауданы

Үш күнге созылған фестиваль Ұлы Абайдың 180-жылдығына орай ашық аспан астындағы 50-адамнан құралған «Асыл тас» театрының “Абай әлемі” атты әсерлі қойылымымен жалғасып, ал шарықтау шегі Ы.Досханаұлы атындағы орталық стадионда өткен Гала-концертке ұласты. Бұл кеште қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары – Майра Ильясова, Қуандық Рахым, Мөлдір Әуелбекова, Ұлықпан Жолдасов, Raim, Альбина Шардарова, Бағлан Әбдірайымов, Айнұр Сағиқызы, Жандос Қаржаубай, «Алатау серілері», Апош Сарбаз, Серік Исахан, Қадылбек-Маржан сынды өнерпаздар Ақсуат аспанын әсем әнмен тербетті.

Сонымен қатар, фестиваль аясында елге үлгі болған азаматтар мен аналар, жас дарындар мен демеушілер де марапатталды:

Тарбағатай тарланы” төсбелгісімен:

– Жамбыл Жұманбаев,

– ⁠Бақытжан Қажыкенов марапатталды.

Ал “Ақсуаттың асыл анасы” төсбелгісі:

– 8 баланың анасы – Мәулітова Айнұр,
– ⁠11 баланың анасы, 34 немере, 11 шөбере көріп отырған әже Қорлан Тоғаева,
– ⁠аудан халқына қол ұшын тигізіп жүрген кәсіпкер, қажы апамыз Манат Алимжановаға да табыс етілді.

Асылтас” марапатына:

Майдан Нұрболат, Асылжан Оралбекқызы, Шалғынбаев Дарын, Садуанов Саят, Ықыбаев Рүстем, Әбішев Мақсат, Абдулдин Ануар ие болды.

«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі – бұл тек мәдени-спорттық шара емес, бұл – елге деген сүйіспеншіліктің, ауылға деген құрметтің, жастарға жол сілтейтін нақты әрекеттің көрінісі. Елге шын жанашыр азаматтардың ұйытқы болуымен өткен бұл шара – ұлт бірлігінің, ұрпақ сабақтастығының және рухани жаңғырудың жарқын үлгісі болды.