ТІЛДІК ТҰЛҒА МОДЕЛІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

Қазіргі таңда қоғамның рухани дамуына, ұлттық болмысты сақтап қалуға, жастардың сана-сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы үдерісте тілдің, соның ішінде тілдік тұлғаның маңызы айрықша.

Тілдік тұлға – бұл тек тілде сөйлейтін адам емес, ол – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, дүниетанымын тіл арқылы жеткізе алатын, сол арқылы қоғамға әсер ете алатын сана иесі. Яғни, тілдік тұлға – тілдік біліммен қоса, ұлттық құндылықтар мен рухани байлықты бойына сіңірген азамат.

Тілдік тұлға моделі дегеніміз не?

Ғалымдар тілдік тұлға моделін үш деңгейге бөліпқарастырады:


  • 1. Вербалды деңгейадамның сөздік қоры, сөйлеуқабілеті.

  • 2. Когнитивті деңгейтіл арқылы берілетін білім, ұғым, ойлау жүйесі.

  • 3. Мотивациялық деңгейтілдік әрекеткеитермелейтін себеп, мақсат, ұлттық-мәдениқұндылықтарға қатысы.

Бұл модель арқылы адамның тілді қаншалықтымеңгергенін ғана емес, оның ұлттық болмыспенбайланысын, дүниетанымын, әлеуметтік көзқарасын да анықтауға болады.

Неге маңызды?

Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлт тілінің сақталуысол ұлттың өмір сүруінің кепілі. Осы орайда, тілдіктұлға моделін қалыптастырутілімізді тек қатынасқұралы ретінде емес, ұлттық коды, рухани тамырыретінде түсіндірудің кілті. Қазақ тіліне жаны ашитын, оны құрметтейтін, сауатты сөйлей алатын ұрпақ – ел болашағы.

Тілдік тұлғақоғам айнасы. Ол неғұрлым жан-жақты, білімді, ұлттық рухпен сусындаған болса, соғұрлым ел болашағы жарқын болмақ. Сол себептімектептен бастап, балабақшаға дейінгі әрбір білімордасында тілдік тұлға моделін қалыптастырумемлекеттік маңызы бар іс.

Тілұлттың жүрегі. Оны бойына дарытқан тұлғахалықтың шын мұрагері.

Әйгерім Болатбекқызы Молдабаева

Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы

Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі