Террористік қызметпен айналысқан. Астананың 8 тұрғыны сотталды

Фото: Хабар 24

Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды jarshy.com саяси- ақпараттық порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме беріп,

Ақпаратқа сәйкес, террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.

«Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған», — деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеді. Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады.