Тегін құқықтық кеңес алғыңыз келсе, бізге келіңіз!

Алматы қаласында тұрғындарға тегін заңдық және құқықтық кеңес беріп, көмек көрсететін орталық биыл екінші жыл жұмыс істеп жатыр. Ол жерде осы күні заңгерлер тобы жұмыс істейді. Орталыққа адамдар әртүрлі мәселелер бойынша соғады. Атап айтқан, отбасылық (көбінесе алимент), қаржылық (қарыз алу-беру) проблемалармен келеді. Орталық заңгері Қуат Ауғанбектің айтуынша тұрғындар араында қаржылық дау-дамайлар үдеп тұр. «Отбасылық мәселелер де айналып келгенде дүние бөлісу, алиментке келіп тіреледі. Не көп алимент төлемей қашып жүрген еркектер көп. Жалғызбасты әйелдер күйеулерінен ақша өндіру үшін бізге келіп жүгініп жатады. Сонымен қатар қарызға ақша беріп қайтара алмай жүргендердің қарасы мол. Олар алыс-беріс кезінде ешқандай келісімшарт жасамғандықтан, олардың арасындағы мәселені шешу күрделірек» дейді ол.

Орталықтың тағы бір заңгері Мұхамеджан Әбдібеков. Ұзақ жылдар әртүрлі салада заңгерлік жұмыстар атқарған азамат «Заң кеңесі» жобасы аясында қала тұрғындарына көмек көрсетіп жүр. Оның сөзінше табысы төмен және отбасына, денсаулығына, баспанасына, ақшасына және жұмысына байланысты түбегейлі проблемаларға тап болған адамдарға тегін заңгерлік қызмет ауадай қажет. «Орталықтың ашылғаны туралы «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдарына, әлеуметтік желілерге хабарландырулар бердік. Ол жерге жоба аясында іске қосылған телефон нөмірін де жарияладық. Осындай хабарламалардың арқасында бізге біраз адамдар хабарласты» дейді М.Әбдібеков. Сонымен қатар Zankomek.kz сайты арқылы тұрғындармен байланыс орнатылып, олардың да сұрақтарына жауап берілді.

Айта кетейік, «Заң кеңесі» жобасы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен іске асып жатыр. Жоба үш жылға жоспарланған. Алдағы екі жылда қайта жалғасады.

Сізге заңгерлердің тегін көмегі қажет болса 8 777 890 89 00 «жедел желі» нөміріне хабарласыңыз немесе zankomek.kz сайтының «онлайн кеңесші» модульі арқылы сауал жолдаңыз немесе орталыққа келіңіз. Біздің мекенжайымыз: Алматы қаласы, Нүсіпбеков көшесі 32-үй, 1-қабат, 106-кеңсе.

Орталықты ұйымдастырушы: «Social project management» орталығы.