Шәкірт жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, жаңа заманның күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі – әлемнің білім-еңбек кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру болып табылады. Жаһандану жағдайында үнемі өзгермелі қоғам үздіксіз дамып отырған жағдайда біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңhttps://farabi.university/ тұрақты даму мақсаттары (ТДМ-4)аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДАоқу-ағарту саласы жаңа талаптарға сай бейімделіп, білім сапасын саналы тәрбиеге ұштастыру жүргізу ісі басты назарда тұрады. Кафедра ұжымы шетел тыңдаушыларынасабағын жақсы оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысуына, еліміздің қазіргі таңдағы қоғамдық-мәдени тұрмысына бейімделуіне қатысты іс-шараларды жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілікпен жүргізеді. Сабақ үдерісін қызықты, тартымды өткізумен қатар, тыңдаушылардың білім деңгейін және олардың қайсысының қандай қабілеті барлығын, кімнің оқуда алғыр, озат тыңдаушы, өнерпаз екендігін анықтауда түрлі сайыстарға қатыстырып отырады. Кафедрамыздың жетістігі 8-9 ай бойы білім нәрімен сусындатқан шәкірттерінің жоғары нәтиже көрсетіп БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ұтып алуы. Биылғы жылы да шәкірттеріміз жақсы көрсеткіштерге ие болып өз қалаған мамандықтарына жоғары оқу орындарына түсіп студент атанып жатыр. Шәкірттеріміз үшін қуаныштымыз! Жастарымызға тек сәттілік тілей отырып, мықты маман иесі атанып, бәсекеге түсе алатын азаматтар қатарынан көрінсін деп тілейміз!
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары Ибрагимова М.Н., Дауытова Ж.К., Мужигова Г.М.