«Сана» қоғамдық қорының «Зияткер жастар мектебі» жүзеге асырып жатқан жоба

«Өмір – біздегі ең қымбат нәрсе»

Жалпы ақпарат
Аталған жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Сана» қоғамдық қорының «Зияткер жастар мектебі» арқылы жүзеге асырылуда.
Алматы қаласында жастар арасында суицидтің алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық тәрбие және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) деңгейін төмендетуге бағытталған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық «Өмір – біздегі ең қымбат нәрсе» жобасы іске қосылды.

Жобаның негізгі бағыттары:

  • Университеттер мен колледждердегі психологтар, студенттік топтардың кураторлары және декан орынбасарларына арналған курстар мен оқыту тренингтерін өткізу;
  • Суицидтің, зиянды әдеттердің, ЖЖБИ және жыныстық тәрбиенің алдын алу тақырыптарында бейнероликтер әзірлеп, танымал аккаунттар мен пабликтерде жариялау;
  • Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне орай мамандар мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.

Жобаның мақсаты – жастардың психологиялық осалдығын азайту, дағдарыс жағдайларынан шығу жолдары туралы ақпараттандырылуын арттыру және салауатты, жауапты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыру.

2025 жылдың 27 мамырында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында «Салауатты ұрпақ – қауіпсіз орта» форумы өтті. Іс-шара «Өмір – біздегі ең қымбат нәрсе» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – жастармен жұмыс істейтін психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, студенттер арасында туындайтын тәуекелдердің алдын алу бойынша білімдерін нығайту және тиімді профилактикалық жұмыс әдістерін дамыту.

Іс-шара аясында Алматы қаласының университеттері мен колледждеріндегі психологтарға келесі бағыттар бойынша оқыту семинарлары өткізілді:

  • Суицидтің алдын алу;
  • Зиянды әдеттердің алдын алу;
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу (ЖЖБИ);
  • Жыныстық тәрбие.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Кенесбай Алмас Абаевич құттықтау сөз сөйлеп, жастардың психикалық денсаулығын қолдау мен білім беру ордаларында жүйелі профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Форумда сөз сөйлеген тәжірибелі психолог мамандар:

  • Салтанат Юсупқызы Нүпейісова
  • Айгерім Маратқызы
  • Тамара Аубәкіровна Ассимова
  • Майя Александровна Меркулова

Форум нәтижесінде қатысушылар жастармен жұмыс істеуге арналған нақты білім мен құралдарға ие болып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.