ҚазҰУ – қасиетті қарашаңырақ

Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.Тарихы тереңде бір адамның ғұмырындай уақыт болған ҚазҰУ-дың Республикалық деңгейде де халықарлық деңгейде өзінің орны бар.

М.Әуезов атамыз сабақ берген, «Махаббат қызық мол жылдар» атты көркем шығарманың кейіпкері Ербол, халықаралық спорт шебері Ермахан Ыбрайымов сынды атақты тұлғалар білім алған ҚазҰУ киелі орда. Әрбір бітіруші жас талапкердің арманына айналған бұл оқу орнының берер мүмкіндігі мен білім сапасы жоғары екені белгілі. Сапалы кадрлар дайындауда өзіндік үлес қосып келе жатыр. Бұл жерге мен 18 жасымда тарыдай болып кірген едім. 20 жылдан астам уақытымды ҚазҰУ-ға арнадым. Және оған түйір де өкінішім жоқ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беретін жетекші білім ордасы. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мақсаты отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әлемдік білім беру кеңістігінде орын алатын, қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытып, оларды өндірісте қолдануға өз үлестерін қосатын жоғары маман иелерін дайындау. Университтің құрамында 15 факультет, 63 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары, технопарк іске қосылған; 2 мыңға жуық профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары, 100-ден аса ірі академиялардың академиктері, 30 –ға жуық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан аса Мемлекеттік лауреаттар және ҚР таңдаулы сыйлықтарының иегерлері, 40 жас ғалымдар сыйлығының иегері, 45 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегерлері жұмыс жасайды.

Осылайша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде өз орнын сақтап келеді. Оның белсенді ғылыми білім беру қызметі, халықаралық ынтымақтастық және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі оны Қазақстанда және одан тыс жерлерде жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытудың маңызды факторына айналдырады.

Манапбаева Жұлдыз Бекболатқызы, PhD І-курс студенті,

Утемгалиева Насихат Адайхановна,
PhD, доцент м.а.
Авакова Раушан Амирдинқызы
филология ғылымының докторы, профессор.