ҚазҰУ-дың артықшылығы

Көптің аузынан түспейтін, тарихи тағылымы мол Қазақ Ұлттық университетінің өзгелерден қандай ерекшелігі бар,- деуі мүмкін жұртшылық. Әл Фараби атын­дағы ҚазҰУ-де болашақ маманның құзыреттілігін ескере және қарастыра отырып, жаңа оқу бағдарламалары әзір­леніп, сол бойынша оқу үде­ріс­тері жүзеге асырылуда.

Екінші тренд – заманауи жетістіктерге сай оқыту технологиясының өзгеруі, яғни бұрынғы дәрістік-семинар сабақтары біртіндеп онлайн-курс­тар мен онлайн-конференция форматына көшуде. Және бір ерекшелігі университетімізде әрбір студент оқып шығуға тиіс «100 кітап» деген әлеуметтік жоба қолға алынған. Сол 100 кітаптың тізімінде әлемдік және еліміздің классик және танымал ақын-жазушылары, философтары мен ғалымдарының еңбектері кіргізілген.

Егер студент университет қабырғасында жүріп осы кітаптарды оқып шығатын болса, одан қоғамдық өмірде өз көзқарасы бар білімді де білікті маман шығады деген сенімдемін. Ал белгілі бір нақты пәндер бойынша сол пәнге қатысты оқулықтар мен оқу құралдары ұсынылады.

Университеттің басты жетіс­тіктерінің бірі – бұл әлемдік білім беру кеңістігіне енуі. Британдық QS агенттігі рейтингінің 2013 жыл­ғы қорытындысы бойынша ҚазҰУ әлемдік үздік 300 универси­теттер тізіміне енді, бұл тізімге ТМД елдерінен ресейлік екі және біздің университет қана еніп отыр. Бұл жетістікке жетуге факультет ұстаздары мен ғалымдарының да қосқан үлесі өте жоғары. Мен оқу орныммен мақтанамын.

Арайлым Алмасханқызы, PhD І-курс докторанты,

Утемгалиева Насихат Адайхановна,
PhD, доцент м.а.
Авакова Раушан Амирдинқызы
филология ғылымының докторы, профессор.