ҚазҰУ – білім мен ғылымның ортасы

Менің ғылымға деген қызығушылығым осы университетке түсу арқылы басталды. ҚазҰУ-дың бай ғылыми мұрасы, халықаралық деңгейдегі зерттеу жұмыстары мен көптеген жобалары мені үнемі таңқалдырып, алға жетеледі. Әрбір жаңа зерттеу, жаңа теория мен әдістеме мені таңдандырады және мені осы жолға түсуге итермеледі. ҚазҰУ-дағы оқу процесі терең білім берумен қатар, ғалымдардың үздіксіз ізденісін және халықаралық стандарттарға сай болуды талап етеді. Бұл менің өзіме қойған мақсаттарымды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді.
Әрбір ғылыми жаңалық менің болашақтағы кәсіби қызметіме әсер етіп, мені еліміздің жетекші ғалымдарының қатарынан көрініп, халықаралық деңгейде танылуға ұмтылдырады.
Менің ғылыми жұмысым негізінен мен таңдаған саладағы өзекті мәселелерді шешуге арналған. ҚазҰУ докторантурасы мені тек оқытушылардан емес, сонымен бірге ғылыми орта мен әріптестерден, зерттеу жұмыстары мен халықаралық ынтымақтастықтан да мол тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Бұл менің болашақтағы кәсіби мансабым үшін үлкен маңызға ие. Докторант ретінде менің міндетім – тек ғылыми жаңалық ашу ғана емес, сонымен қатар оны қоғамға, елімізге, тіпті әлемге пайдалы ету. Бұл жолда ҚазҰУ мені әрдайым қолдайды, әрі қажетті ресурстар мен білім беру мүмкіндіктері жасалған.
ҚазҰУ-да докторант болу менің өмірімнің маңызды кезеңіне айналды. Бұл тек білім алу емес, сонымен бірге менің ғылыми тұрғыда дамуыма, әлемдік ғылым қауымдастығына қосылуыма, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға деген үлесімді қосуыма үлкен мүмкіндік туғызды. Мұнда мен тек өзімнің жеке мақсатыма жетуді ғана емес, елімнің болашағына да қызмет етуді мақсат етемін.
Филология факультетінің 1-курс докторанты А.Н. Бөшен,
PhD, доцент м.а. Н. А. Утемгалиева,
ф.ғ.д., профессор Р.А. Авакова