Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 900-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы – дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Дүнгенбек Мадияр Жанғазыұлы – дінтанушы, Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының ШЖҚ «Мониторинг және талдау орталығы», КМК бөлімінің басшысы, дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Кантарбаева Жанна Уринбасаровна – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аға оқытушысы, теология ғ. PhD, секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Алматы қаласында болды. Олар халық арасында «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылғы», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Қоғамда дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге көзделген құқықтық жауапкершілік» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз жастар, мектеп оқушылар, мұғалімдер және т.б. топтар қамтылды.

Анықтама үшін: +7 775 477 76 16 Исмаил Нурислам