Хиуаз Доспанованың ерлігіне арналған «Көктегі жалын» атты шара өтті

Бүгін, яғни мамырдың 6 жұлдызында М.Базарбаев атындағы 138 гимназиясында  Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай, Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер-батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігіне арналған «Көктегі жалын» атты өткен шарасы, ата-аналар қауымын тәнтті етті.

Білімді және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге зор үлесін қосып жатқан ұстаздар ұжымының еңбегін айтпасақ болмайды. Бұл жерде рөл сомдап, ән айтқан мектеп директорынан бастап, қойылымындағы талантты ойынымен образдарды сомдаған әр оқушының рөлі ерекше көзге түседі. Мұндай шараны ұйымдастырған мектеп директоры Медет Иманбекұлы және қоюшырежиссер Қуандық Зәкенов, сценариін жазған ЛаураРахимбаева және Қуандық Зәкеновтің елеулі еңбегін арқасында десек артық айтпағанымыз.

Қазіргі таңда гимназияның сапалы білім беруде және ұлттық рух пен жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны ерекше. Қойылым барысында оқушылардыңмектеп сахнасында  шеберлігімен беріліп ойнағаны, сол майдан кезіндегі атмосфераны дәлме дәл көрсете білуі, соғыс уақытындағы киімдері мен гримдері  –  көрермендер үшін өте әсерлі болды. Сахнадағы қойылымның идеясы өзекті,   тақырыбытың. Қазіргі заманда мектеп оқу орындарының өмір талабына сай болуы да осындай білікті және білімді ұстаз педагогтардың жұмыс үстеу қабілетіне байланысты екені даусыз.

 

Жалғас Иманалиев

Гүлжан Болатова