Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының даму барысы
2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтті. Құрылтай делегаттарының ашық дауыс беруімен Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланған еді.
Ал бүгін Алматыда өткен конференция барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Алматы қалалық филиалының жаңа басшысын таныстырды.
Бұл лауазымға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілепов тағайындалды.
Естеріңізде болса, 2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамын мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмыс жүргізуге шақырған еді. Әлемдік тәжірибеде мәдени, гуманитарлық сипаттағы ұйымдар эндаумент қорлары арқылы жұмыс істейтінін атап өтіп, Қоғам қызметін одан әрі жандандыруға осы тәжірибені енгізуді ұсынды.
Қорға өз атынан үлес қосатынын мәлімдеп, 2023 жылғы 7 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaq Tili Endowment Qory қорына өзінің жеке қаражатынан 7 000 0000 теңге жарна аударды. Көп ұзамай 100 миллион теңгені TAS Group компаниясының басшысы Дулат Тастекей аударды.