«ГАМЛЕТ» спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫНА шақырамыз!

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ШІЛДЕНІҢ 5, 6, 11 күндері аралығында«ГАМЛЕТ» спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫ өтеді.
Әлемдік театр өнерінің шыңына айналған, мәңгілік тақырыптарды көтеретін Уильям Шекспирдің әйгілі трагедиясы – «Гамлет» пьесасы жаңа сахналық интерпретацияда көрерменге жол тартпақ.
Адам болмысын, сатқындық пен әділет іздеу секілді күрделі ұғымдарды арқау еткен бұл туындыны бүгінгі заманмен үндестіре отырып сахналаған –Дина Жұмабай.
Ғасырлар бойы адамзат баласымен етене жалғасып келе жатқан рухани тоқырау, таным қайшылықтары, өзге де кереғар мәселелер спектакльде жалпы қоғам бейнесін сипаттай түседі. Өмір мәнін зерделеу, қоғам құндылықтары мен адами мұраттар қойылым бойынан көрініс табады. Спектакльде әр көрермен өзін көріп, көкейіндегі мазалайтын сұрақтарға жауап табады деген үміттеміз.
Спектакльде күрделі драмалық образдарды кәсіби шеберлікпен сомдайтын театрымыздың әртістері –Дархан Сүлейменов, Сафуан Рысбайұлы, Еділ Рамазан, Елдар Отарбаев, Шағуан Үмбетқалиев, Рахат Жұмаханов, Нариман Егімбеков сынды т.б. талантты артистер өнер көрсетеді.
Классиканың заманауи шешімі мен терең философиялық мазмұны тоғысқан бұл қойылым – көрерменге тек эстетикалық ләззат қана емес, сонымен қатар рухани ой салар тың туынды болмақ.
Театрдың баспасөз бөлімі
8 702 518 38 70 – Адина Абзал