Белгілі меценат кәсіпкерлерді I-Qanat жобасын қолдауға шақырды

Фото: Андрей Лунин

Белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей көпшілікті ауыл балаларын қолдайтын жобаға қамқорлық жасауға шақырды. Оның айтуынша адами капиталды дамыту үшін өскелең ұрпаққа көмек беру үшін бірдеңе істесем деген дүниені іштей ойлап жүрген азаматтар болса, оларға тамаша мүмкіндік бар.

«I-Qanat командасы мен менің ойларымның бір жерден шығып жүргеніне қуаныштымын. Сіздің де ішіңізде осындай ниет болса, 4 млн теңгеден бастап әрбір аудандарда болашағынан үміті бар, оқуға талпынысы жоғары ұл-қыздарды қолдауға мүмкіндіктеріңіз бар. Өскелең ұрпақтың білімді болуына атсалысайық ағайын. Осы балаларымыз ертең біздің мемлекетіміздің нығаюуына көп септігі тиетініне кепілдік бере аламын»,- дейді Д. Тастекей.
Қазіргі таңда I-Qanat жобасының 170 тен астам қамқоршысы бар. Олардың басын біріктірген бір дүние болса, бұл ауыл балаларына көмектессем деген ниет дейді кәсіпкер.

Айта кетейік I-Qanat бұл — ауыл балаларына заманауи қажетті деңгейде білім беретін, ауыл мен қала балаларының арасындағы теңсіздікті азайтатын, болашаққа үміт беретін бірегей жоба.

Кәсіпкер Дулат Тастекей I-Qanat-тың Абай облысы бойынша қамқоршысы әрі қамқоршылар клубы- IQ Club-тың Алматы қаласы бөлімшесінің жетекшісі.