Арманым ҚазҰУ-ға жетеледі

Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Менің де осы бір керемет кезеңнің табалдырығын аттап, балалық шақпен қоштасып , жаңа бір белеске аяқ басқан шағым еді. Менің Алатаудай асқақ арманым мені Алматы шаһарындағы, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетеледі. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін.

1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ https://farabi.university/ құрамында қазір 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары университетте қызмет атқарады, сондай-ақ университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша 30000 дай студент білім алуда. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Оған дәлел қазіргі таңда Университетіміздің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.

ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.
ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің
1-курс докторанты Г.М. Мужигова,
PhD, доцент м.а. Н. А. Утемгалиева,
ф.ғ.д., профессор Р.А. Авакова