Алматы облысында діни экстремизмнің алдын алу бойынша сарапшыларға арналған семинар өтті

2026 жылғы 26 ақпанда Алматы облысында діниэкстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындажұмыс жасап жүрген ақпараттық-түсіндіру тобыныңмүшелеріне арналған маңызды бір күндік оқытусеминары өтті.

Жиын басында Алматы облысы Дін істерібасқармасының басшысы
Ерғали Көшеке сөз сөйлеп, халық арасындажүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіружұмыстарының айрықша маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде қазіргі жаһандық сын-қатерлержағдайында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімдісақтау ісі сарапшылардың кәсібилігіне тікелейбайланысты екенін атап өтті.

Семинардың басты мақсатыхалық алдында сөзсөйлейтін мамандардың біліктілігін арттырып, оларды заманауи әдіс-тәсілдермен қаруландыру. Оқыту барысында қатысушылар көпшілік алдындасөйлеудің және күрделі рухани мәселелердітүсіндірудің ең маңызды аспектілерін меңгерді.

Халықпен жұмыс істеужалаң сөзбен емес, адамның жан дүниесіне үңіліп, оның жүрегіне жолтаба білу өнері. Семинар барысында меңгерілгендағдылар сарапшыларға кез келген ортадажасандылықсыз, шынайы әрі сенімді диалог орнатуғакөмектеседі. Енді олар еліміздің ертеңіжалындағанжастардың көкейіндегі сұрақтарға дөп түсіп, тіршілікқамымен жүрген қарапайым еңбеккерлерге, ұстаздармен дәрігерлерге, тіпті тыныштығымызды күзеткенәскерилер мен тәртіп сақшыларына ойын әсерліжеткізе алады. Ең бастысы, бұл білім өмірдің қиындығына тап болған әлеуметтік осал топтарға, жұмыссыздар мен еңбек мигранттарына, атажұрттыаңсап келген қандастарымызға рухани демеу болу үшін ауадай қажет. Ал діндар қауыммен немесе теміртордың ар жағында жазасын өтеп жатқан азаматтармен тілдескенде, бұл тәжірибе діни ұғымдардың бұрмалануына тосқауыл қойып, адасқанжандарды мейіріммен тура жолға бастаудың бастықұралына айналмақ.

Алматы облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрдіқолдау қоры ұйымдастырған бұл шара тек білім беру алаңы ғана емес, өңірдің рухани қауіпсіздігін сақтаужолында тер төгіп жүрген мамандардың жігерін жаныған маңызды басқосу болды.