ҚазҰУ-биік шыңдарға жетелейтін білім ордасы

Қазақ ұлттық университеті (КазГу) еліміздің білім мен ғылымының қайнар көзі болып табылады. Бұл оқу орны тек академиялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, мәдениет және инновациямен де айналысады.
КазГу 1934 жылы құрылды, және содан бері еліміздің білім беру жүйесінде жетекші рөл атқарды. Уақыт өте келе, университет халықаралық деңгейде танымал болып, әлемнің үздік университеттерімен серіктестік орнатты.
Оның тарихы – үздіксіз даму мен жаңарудың көрінісі.
КазГу-дің негізгі мақсаты – студенттерге жоғары сапалы білім беру.
Оқу бағдарламалары заман талабына сай жаңартылып, әлемдік тәжірибемен үйлесімді түрде жасалады. Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігі мен тәжірибесі, оқу барысының интерактивтілігі білім алу процесін тиімді етеді.
КазГу-дің құрамында гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық факультеттер бар. Студенттер өздерінің қызығушылықтары мен мақсатына сәйкес пәндерді таңдап, терең білім алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған, бұл студенттерге өз әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
КазГу-дің халықаралық байланыстары білімді кеңейту мен тәжірибе алмасу үшін маңызды. Университет көптеген шетелдік білім беру мекемелерімен серіктестік орнатқан, бұл студенттерге шетелде білім алу мүмкіндіктерін береді. Осындай тәжірибе халықаралық деңгейде білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (КазГу) – менің болашағымды қалыптастырған, оқу барысында түрлі тәжірибе жинақтаған оқу орны. Студент ретінде мен көптеген қызықты, ұстаздармен, достармен, ғылыми зерттеулермен тоғысқан сәттерді бастан өткердім.
КазГу-ге алғаш келген күні менде ерекше сезім болды. Университеттің кең әрі әсем кампусы, білім алуға арналған мүмкіндіктер мен ресурстардың көптігі мені бірден баурап алды. Оқытушылардың біліктілігі мен студенттердің ынтасы, айналасындағы достардың жел күйдіретін жастық қанаттары мені ынталандырды. Әрбір факультет, әр кафедра – білімнің тереңдігіне жауап беретін кеңістіктер болды.
Университетте оқыған жылдарымда көптеген пәндерді зерттеп, түрлі тақырыптар бойынша терең білім алдым. Әсіресе, гуманитарлық пәндер мені қызықтырды. Оқытушылардың ынталандыруы мен ғылыми зерттеулердегі белсенділігім, мені ойландыру мен шығармашылық қабілеттерімді дамытуға мүмкіндік берді. Топтық жобалар мен семинарлар барысында ой-пікірлерімізді бөлісіп, өзара тәжірибе алмастық. Бұл маған командалық жұмыс жасауда, пікір алмасуда және проблемаларды шешуде мол тәжірибе берді.
КазГу-дің студенті ретінде мен көптеген ғылыми практикаға қатыстым. Зерттеулер жүргізу барысында ғылыми әдістемелер мен жазбаша жұмыстарды дайындау дағдыларын игердім. Мұндай тәжірибе мені ғылыми ортада өзін көрсетуге және тануға, сонымен қатар ізденушілік қабілеттерімді дамытуға мүмкіндік берді. Монографиялар жазып, конференцияларда баяндамалар жасап, өз пікірімді білдіре білу мен үшін үлкен қуаныш болды.
Университеттің маған берген ерекше құндылығының бірі – достар. КазГу-дің студенттерімен достасу, олармен бірлесіп оқып, дайындалу, түрлі шараларға қатысу – жастық шағымның ең бақытты сәттері болды. Бұл достық байланыстар мені шын дәлелді дос болуға үйретті. Біз бір-бірімізді қолдап, қиындықтарды бірлесе жеңуге тырыстық, және бүгінгі күні олар менің өмірімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
КазГу-ден алған білім мен тәжірибе маған болашақтағы карьерамда үлкен қолдау болды. Дипломымды иеленген күнімде мен өзімді жоғары білімнің иесі, жауапкершілікті азамат ретінде сезіндім. Университетте алған қағидалар мен білімдер мені кәсіби әлемге шығуға, өз ісімде жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.
КазГу мен үшін тек оқу орны емес, сонымен қатар менің рухани, интеллектуалдық және әлеуметтік дамуымның орталығы. Онда алған білім, достармен өткізген уақыт, ғылыми зерттеулер мені солайша өмір бойы сүйемелдейтін құнды тәжірибелер мен дағдыларға толы кезең ретінде қалады. Университеттегі жылдар – менің өмірімнің ең жарқын, ерекше және мәнді кезеңі ретінде есімде қалары сөзсіз.
Нурекенова Айгерім Дүйсенқызы
PhD І-курс студенті,
Утемгалиева Насихат Адайхановна
PhD, доцент м.а.,
Авакова Раушан Амирдинқызы
филология ғылымының докторы, профессор